Араб елдерінің инвестициясына қай өңірлерде жел станциясы салынады
Қазақстан Сауд Арабиясымен және Біріккен араб әмірліктерімен үкіметтік келісім жасасып жатыр.Қазақстанда БАӘ және Сауд Арабиясының инвестициясы аясында Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында жел электр станцияларын салу жоспарланып отыр. Осыған орай, Қазақстан аталған елдермен үкіметаралық келісімнің жобасын әзірледі.
БАӘ инвестициясына Жамбыл және Түркістан облыстарында жел станциясы салынатын болса, Саул Арабиясының инвестициясы Жетісу облысында игеріледі.
Үкіметаралық келісімдер жобасына сәйкес, Жетісу облысында қуаты 1 ГВт болатын жел станциясы бой көтереді. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр, ал құрылыстың өзі 2025 жылы басталуы тиіс.
Сондай-ақ жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел станциялары Жамбыл және Қызылорда облыстарында БАӘ қаржысына салынады. Бұл жоба аясында Қазақстан энергетика министрлігі, KIDF қоры және Masdar компаниясы бірлесіп жұмыс істейді.
Оқи отырыңыз: "60 мың үйге жарық береді". Алматы облысындағы жел станциясының құрылыс алаңынан репортаж