Ара шаруашылығының мемлекеттік бағдарламасын қабылдау туралы сенаторлардың ұсынысы Үкіметтен қолдау таппады
Үкімет 2024-2026 жылдары саланы дамытуға бөлінген 564,6 млн теңге жеткілікті деп есептейді.Сенат депутаттарының Қазақстанда ара шаруашылығын дамытуды көздейтін мемлекеттік бағдарлама қабылдау туралы бастамасы Үкімет тарапынан қолдау таппады.
Депутаттар сауалына жауап берген премьер-министр Олжас Бектенов ара шаруашылығын 2025-2027 жылдары дамытуға арналған жол картасы әзірленгенін еске салды.
"Қазіргі таңда "Қазақстандағы аралардың гендік қорын тиімді пайдалану жүйесін және ара шаруашылығының экологиялық өнімдерін өндіру технологиясын әзірлеу" тақырыбында ғылми зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Бұл зерттеумен Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты айналысады", – деді Олжас Бектенов.
Премьер-министрдің айтуынша, Қазақстанда заңсыз бал импортымен күрес жүріп жатыр. 2024 жыл басынан бері тексеру кезінде Қазақстан шекарасынан бері өткен жалпы салмағы 302 тонна бал өнімдері тексерілген.
Бал тиелген 74 автокөліктің 24-і санитарлық талаптарға сай болмауына байланысты кейін қайтарылған. 9 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 366 мың теңге айыппұл салынған.
Оқи отырыңыз: Ара өсіріп, бал сатып байып кетуге бола ма?