Әр қазақ оқуы тиіс 100 кітап. Тізімді қайдан көруге болады
Қазақстанда "100 кітап" жалпыұлттық сауалнамасының қорытындысы шықты.
Мәдениет және ақпарат министрлігі "100 кітап" жалпыұлттық сауалнамасының қорытындысын жариялады.
Сондай-ақ, үздік шыққан жүз кітаптың тізімімен Ұлттық құрылтайдың ресми сайтында танысуға болады.
Жүздікке енген кітаптардың 8-і орыс тілінде жазылған болса, қалған 92-сі қазақ тілінде жарыққа шыққан. Тізімге қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларымен қатар, заманауи авторлардың туындылары да енген.
Сауалнама 3 ай бойы жүргізілген болатын. Оған 100 мыңнан астам азамат қатысты. Олардың 70 пайызын әйелдер құраған.
Оқи отырыңыз: