2021 жылы елдегі ақылы автокөлік жолдарынан түскен қаражат көлемі 8,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: "Нұр-Сұлтан – Теміртау", "Нұр-Сұлтан – Щучинск", "Алматы – Қапшағай" және "Алматы – Қорғас" республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд теңге түсті.

Сонымен қатар, елімізде өткен жылдың 23 қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: "Тараз – Қайнар", "Шымкент – Қызылорда", "Шымкент – Тараз", "Шымкент – Өзбекстан шеккарасы", "Талдықорған – Қапшағай", "Көкшетау – Щучинск", "Нұр-Сұлтан – Павлодар" автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд теңгені түсті.


Оқи отырыңыз: 


Еске салсақ, Қазақстанда жол апатының күзгі мезгілде жиі болатыны туралы хабарлаған едік.