Елде төтенше жағдай режимі енгізілген соң, көктемде жол апаттары азайған.
2020 жылы Қазақстан бойынша 13 515 жол-көлік апаты тіркелді. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда, 19% кем. Сондай-ақ, көлік апаттарының күзде жиі, керісінше көктемде аз екені белгілі болды, деп мәлімдеді Freedom Finance Insurance сақтандыру компаниясының зерттеуші мамандары.
Дәлірек, күзде апаттар төмендегі өңірлерде жиі болады:
- Алматы қаласы – 57;
- Алматы облысы – 35;
- Атырау облысы – 9;
- Шымкент – 10 ЖКО (100 адамға шаққанда).
Бұл – 2020 жылдың күзінде болған апаттардың 31,4%-ы.
Жазда:
- Алматы – 46.
Керісінше ең азы:
- Шымкент – 7;
- Нұр-Сұлтан – 9.
Бұл – 2020 жылдың жазында болған апаттардың 26,7%-ы.
Қыста:
- Алматы – 39.
Керісінше ең аз:
- Қарағанды облысы – 8;
- Шымкент – 8.
Бұл – 2020 жылы қыста болған апаттардың 24,4%-ы.
Көктемде:
- Алматы – 27;
- Жамбыл облысы – 21.
Керісінше ең азы:
- Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 6;
- Шымкент – 6.
Бұл – 2020 жылы көктемде болған апаттардың 17,5%-ы.
Былтыр елде ТЖ режимі енгізілген соң, көп өңірде жол жүру қозғалысы шектелді. Осы шектеу көктемде болатын жол-көлік оқиғасының санын азайтты. Алайда күзде апаттар саны қайта көбейген.
Апат қай айда және қай аптада көп болды?
- 2020 жылы қыркүйекте – 1 471 ЖКО. Бұл – 2020 жылы болған барлық апаттың 11%-ы;
- Қазан – 1 462. Бұл 2020 жылы болған жалпы апаттың 11%-ы;
- Тамыз – 1 389. Бұл 2020 жылы болған жалпы апаттың 10%-ы.
Керісінше ең азы:
- Сәуір – 442 жол-көлік оқиғасы. 2020 жылы болған барлық апаттың 3%-ын құрайды.
Сәуір айында ең көп апат Алматы облысында тіркелді – 82%, ал ең аз – Солтүстік Қазақстанда. Бұл өңірде болған апат саны барлық жол-көлік оқиғасының 1%-ын құрады.
Статситикалық мәліметтерге сүйенсек, аптаның ең қауіпті күні – дүйсенбі. Бұл күні 2 008 (барлық ЖКО-ның 15%-ы) жол-көлік оқиғасы болған. Керісінше ең аз апат бейсенбі күні тіркелген – 1 775 оқиға. Бұл – 2020 жылы болған барлық апаттың 13%-ы.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🪖 Әскерде жүрген сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылады
-
353
-
0
-
0
-
-
2🏔 Жыл соңына дейін қазақстандықтар тағы 9 елге ұшақпен қатынай алады. Олар қай елдер?
-
353
-
0
-
6
-
-
3🕌 Қазақстан имамдары жұма мен тарауық намаздарын бірізді оқуға үндеу жасады
-
321
-
0
-
4
-
-
4🏦 Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап зейнетақы жинағының жартысын инвесткомпанияларға бере алады
-
324
-
0
-
4
-
-
5😱🏥 Қазақстанда АИТВ жұқтырған еркектердің саны әйелдерден 2 есе көп
-
305
-
0
-
4
-
-
6🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
284
-
0
-
1
-
-
7🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
276
-
0
-
0
-
-
8💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
276
-
1
-
1
-
-
9👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
290
-
0
-
3
-
-
10🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
297
-
0
-
2
-