Ақтөбелік жолсерік Ғалия Қабдрахманова пойызда жүкті әйелді босандырып алды. «Тоғыс» станциясынан Ақтөбе қаласына бара жатқан жас келіншектің кенеттен толғағы қысып, жолсерік оған көмек көрсеті, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Оқиға Алматы-Ақтөбе бағытындағы №33 пойызында болған. Теміржолшылар жақын маңдағы «Жем» станциясына тоқтап, жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Жолсерік Ғалия Қабдрахманова ақ халаттылар келгенше қатты қобалжығанын айтты, себебі қызмет атқарған жиырма жылға жуық уақытта мұндай жағдай алғаш рет болған.

Дүниеге келген қыз бен ананы кейін қызметкерлер дәрігерлерге табыстаған. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Кішкентай сәбиге Малика есімі қойылды. Айта кетейік, соңғы үш жылда пойыз ішінде 11 нәресте дүниеге келген.


Оқи отырыңыз: Астанада үлкен салмақта батыр сәби дүниеге келді


"Мен теміржол саласында 17 жылдан бері жұмыс істеймін. Дәл осындай жағдай менің тәжірибемде алғаш рет болып отыр. Өзім де үш баланың анасымын. Қатты уайымдадым. Жолаушылар да, басқа вагонның жолсеріктері де жан-жақтан көмек көрсетті. Бұл – менің жұмысым, қызметтік борышым. Лауазымдық нұсқаулығымды атқардым деп ойлаймын", – деді жолсерік Ғалия Қабдрахманова.