Ақтөбе облысы "Самара-Шымкент" тасжолында Өзбекстан мен Тәжікстан Республикаларында тұратын 38 жолаушысы бар автобус сынып жолда қалды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық жолаушылар Ырғыз ауылына аман-есен жеткізілді, оларға қажет қолдау көрсетілді.

Оралда ТЖМ құтқарушылары пәтерде құлыпталып қалған балаға көмекке келді. Орал қаласы Орақбаев көшесі бойында екі жасар бала кездейсоқ пәтерде құлыпталып қалған, ал баланың ата-анасы алыс жерде болған. Құтқарушылар арнайы құралдарды пайдаланып есікті ашты.