Ақтөбе облысында құтқарушылар жоғалып кеткен ер адамды тәулік бойы іздеді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Байғанин ауданы, Миялы ауылдық округіне қарасты шаруа қожалығының жұмысшысы мал іздеуге шығып, хабарсыз кеткен.
Жоғалған 1961 жылы туған ер азамат Миялы ауданынан 80 км жерде аман-есен табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Ал Алматы облысының Қарасай ауданының Көкөзек ауылында жиһаз цехына жабдықталған бір қабатты жеке тұрғын үйден өрт шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 416 шаршы метр алаңды шарпыған өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
"Сонымен қатар бүгін түнде Жетісу облысының Текелі қаласында жеке тұрғын үйдің аумағында 21 шаршы метр алаңда монша мен ас үй жанған. Өртті сөндіру барысында ТЖМ күштері екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", – делінген хабарламада.