Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер елден шығарылды
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жеке кәсіпкер жазаланды.Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер елден шығарылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Кеңқияқ ауылында полиция заңсыз еңбек еткен 15 шетелдікті анықтады.
Көрші елдің азаматтары мектеп салумен айналысқан. Шетелдіктер полиция бөліміне жеткізілді. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен елден шығарылды.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы шетелдік компанияларда жұмыс істейтін азаматтар айлығы жарты миллионнан асады
Сонымен қатар жеке кәсіпкерге қатысты шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін хаттама толтырылды.