Ақтөбе облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Ақтөбе облысында құқық қорғау органдары прокуратура қызметкерін ұстады. Ақпаратты қадағалау органының баспасөз қызметі растады.
"17 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл орталық аппараты мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы өзіндік қауіпсіздік департаменті бірлескен операция жүргізген. Нәтижесінде Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкері ұсталған", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.