Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзербайжан құтқару операциясына қатысқан қазақстандықтарды марапаттады
Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі Камаладдин Гейдаров Ақтау әуежайы маңында Embraer 190 ұшағы апатқа ұшыраған соң құтқару жұмыстарына қатысқан Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлерін марапаттады.
"Ынтымақтастық үшін" төсбелгісін алғандар:
- Сейталин Азамат Серікұлы;
- Аминов Тимур Владимирович;
- Айдаров Қани Манапұлы;
- Қараев Саясат Мұсаұлы;
- Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы;
- Құлханов Азымбек Шындәулетұлы;
- Күзембаев Ербол Ахметұлы;
- Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы;
- Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы;
- Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы.
Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға рейс жасаған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта экипажды қосқанда 67 адам болды. 38 адам қайтыс болды, 29 адам аман қалды.