Ақтау тұрғынын соққыға жығып, тонап кеткен ер адам Мәскеуде тұтқындалды
Қазір оны экстрадициялау жұмысы жүріп жатыр.ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтау қаласының тұрғынын соққыға жығып, тонап кеткен ер адам Ресейге қашқаны анықталды. Қазір ол Мәскеуде қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы ер адам Мәскеуде қамауға алынды.
Ол 2018 жылдан қазақстандық құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген. Қолға түскен ер адамды Қазақстанға экстрадициялау жұмысы жүріп жатыр.