Тікелей эфир

Алматыда бірнеше қылмыс жасаған 18 жастағы жасөспірім ұсталды

Азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Алматыда Медеу ауданының полиция қызметкерлері алаяқтық жасады және бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды ПД.

"Бірінші жағдайда ол компьютерлік клубқа келушіні алдап, оның ұялы телефонын тартып алған. Тағы бір жағдайда қалалық мешіттердің бірі қылмыстық іс-әрекет алаңына айналды. Еркін кіру мүмкіндігін пайдаланған қаскөй бөтен біреудің ұялы телефонын ұрлап, ізін суытқан. Оның бұл әрекеті камераға түсіп қалған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол қамауға алынды", – деді Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Елдос Бақбергенов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Серіктестер жаңалықтары