Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Еуро 542—547 теңге аралығында құбылып тұр.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522—527 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 23 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 520,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,29 теңге. Еуро — 544,25.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526 теңге. Еуро 542—547 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17—5,27 аралығында саудаланып жатыр.