АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Мишель Еркін "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" шарасы аясында мәлімдеме жасап, өз серіктестерін гендерлік зорлық-зомбылықтың бұғауынан босаған болашақтың негізін бірге қалауға шақырды. 

"Америка құрама штаттары әлемдегі өзінің серіктестерімен, әрі Қазақстанмен бірлестікте гендерлік зорлық-зомбылық жойылған келешекке ұмтылып келеді. АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі 2023 жылы Орталық Азиялық қыз-келіншектердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейтіп, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы білімді арттыруға арналған 30 жергілікті бастамаға қолдау көрсетті", - деді Мишель Еркін. 

Оның айтуынша, көш бастап жүрген жеті қазақстандық әйел АҚШ-та келушілерге арналған халықаралық көшбасшылық бағдарламасы (IVLP) аясында зорлық-зомбылықпен күрестегі үздік тәжірибе алмасып қайтты. Сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстігі мен Павлодарда 140 әйел Әйел кәсіпкерлер академиясына қатысып, өз қаржылық болашағын өз қолына алып, басқару дағдыларын үйренді. 

"Бәріміз күш жұмылдырып, қауіпсіздік, абырой, теңдік сияқты ұғымдар идеал ғана емес, әрбіріміздің өңімізге айналатын қоғамды бірге құрайық. Бірлескен әрекеттің көмегімен көпшіліктің білімін арттырып, өзгеріс үшін күрессек, гендерлік зорлық-зомбылықтың бұғауынан босаған болашақтың негізін бірге қалаймыз. Әрқайсымызды зорлық пен әділетсіздіктің шырғалаң шеңберін бұзудағы жолымыздан таймауға шақырамын", – деді бас консул. 


Оқи отырыңыз: АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы: Әдемі әрі қонақжай елге қайта оралғаныма қуаныштымын