Ақмола облысында орман мен дала өрті бір жылда 100% азайды
Арнайы құрылған топтар өртті алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген.Ақмола облысында орман мен тау бөктеріндегі өрт саны бір жылда 100 пайыз төмендеді. Ал шабындық шөптің өртену жағдайы 5,3 есе азайды. Бұл туралы Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті МКҚК басшысының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Манат Бегалин хабарлады.
Полковник өрттің тіркелуіне байланысты биылғы және былтырғы көрсеткіштерді салыстырды.
"Табиғи өрттерді болдырмай, олардың алдын алу үшін бірқатар кешенді шара қабылдап жатырмыз. Осы шаралардың арқасында ормандағы өрт қаупі аса жоғары кезеңді өткен жылдағы осы уақытпен салыстырғанда көрсеткіштің 100 пайыз төмендегенін көруге болады. 2023 жылы 62 пайызды құраған еді. Сондай-ақ тау бөктеріндегі, дала өртінің қаупі 100 пайыз төмендеген. 2023 жылы екі өрт жағдайы тіркелген болатын. Былтыр 32 жерде шабындық шөп өртенсе, биыл бұл көрсеткіш 5,3 есе азайып, 6 жағдай тіркелді. Бұдан өзге орман және дала өрттерін жою жөніндегі міндеттерді орындау үшін департамент қызметкерлері 160 бірлік техника (106 негізгі, 5 арнайы, 44 қосалқы, оның ішінде 61-і жоғары өтімді шассиде, 3 өрт-сорғы станциясы), 267 рюкзакты өрт сөндіргіш, 100 мотопомпа (96 тасымалданатын және 4 тіркемелі) және 1130 шапқыш дайындады. Мемлекеттік орман қоры аумағында 3 тікұшақпен (Ақкөл, Бурабай және Зеренді аудандарында орналасқан) авиапатрульдеу және 104 мобильді топпен (400 адам) жердегі патрульдеу жүргізілді", – деді департамент өкілі Манат Бегалин.
Құрылған топтар 1294-тен астам бірлескен рейдтер мен патрульдеу жүргізді және 71 кінәлі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 42-сі ескерту түрінде және 29-ы жалпы сомасы 1 млн 347 мың 580 теңгеге тең айыппұл түрінде.
"Профилактикалық іс-шаралар шеңберінде 35 280 адамды қамти отырып, 16 мыңнан астам нұсқама (16 275) өткізілді, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен, шаруа қожалықтар және тұрғындармен 6100 адамды қамти отырып, 356 жиын ұйымдастырылды және 1553 адамды қамти отырып, 126 дөңгелек үстел өткізілді. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында орманды дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 2802 сөз сөйлеу өткізілді. Дәлірек: теледидарда – 7, радио арқылы – 1698, баспа – 150 және әлеуметтік желілер көмегімен – 947 хабар таратылды", – деп қосты полковник Манат Бегалин.
Оқи отырыңыз: Астанада өрт сөндірушілер көпқабатты үйде болған өрттен 7 адамды құтқарды
Орман мекемелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау органдарының іс-қимылдарын пысықтау мақсатында орман өрттерін сөндіру бойынша 31 оқу-жаттығу өткізілген. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар 231 елдімекенде құрғақ өсімдіктерді тазарту бойынша іс-шаралар жүргізді, 280 ауыл және округ әкімдеріне өрт қауіпті кезеңге дайын еместігі туралы актілер табыс етілді (оның ішінде 154 немесе 55% бұзушылықтарды жойылды), бір мың шақырымнан астам (1 1684,5) минералданған жолақтар жайластырылды және оларға күтім жасалды (орындалуы 89%).
"Сонымен қатар, ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың алдын алу мақсатында биыл 08-14 шілде аралығында облыс аумағында "Орман" профилактикалық іс-шарасы өтіп жатқанын атап өткім келеді. Осылайша, осы профилактикалық іс-шараның қорытындысы бойынша белгіленген кезеңде бірлескен мобильді топтар 107 рейд жүргізіп, 72 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 64-і ескерту алды және 8-і жалпы сомасы 83 мың 070 теңге болатын айыппұл арқалады. Сонымен қатар, департамент мүдделі органдармен бірлесіп ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша балалар сауықтыру орталықтарының, пансионаттардың, демалыс үйлері мен жағажайлардың иелерімен және қызметкерлерімен 13 кездесу өткізді, олардың барысында 400-ге жуық ұсыныс (387) табыс етілді. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында орманды дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 196 сөз сөйлеу өткізілді, оның ішінде 109 репортаж, БАҚ-та мақалалар мен жарияланымдар және 87 әлеуметтік желілерде. "Орман" профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша облыста бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен 17 брифинг өткізілді. Қорытындылай келе, облыс азаматтарына өрттің алдын алудың маңызды шарты өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау және орындау екенін тағы да еске салғым келеді", – деді азаматтық қорғау полковнигі Манат Бегалин.
Ақмола облысы орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі аймақтық инспекция басшысының орынбасары Арман Тұрымбаевтың мәліметінше, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Нұркен Шарбиев, Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бекіткен "Орман" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің бірлескен жоспарын орындау үшін 2024 жылғы 11-13 шілде аралығында инспекция басшысы мемлекеттік орман иеленушілердің арасында рейдтік іс-шаралар жүргізген. Аталған іс-шаралар барысында орман иелеріне өртті алдын алу және ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау жолдары түсіндірілген.
"Рейдтік іс-шаралар барысында 4 аудан – Зеренді, Сандықтау, Бурабай, Бұланды қамтылды. Рейдтік іс-шаралардың нәтижелері бойынша "Мало-Тюктинское УЛХ" КММ-нің бір лауазымды тұлғасы 55 380 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды (минералдандырылған жолақтарға тиісті күтім жасамау), осыған ұқсас жағдай "Отрадное УЛХ" КММ-де осы бұзушылық үшін белгіленді, сондай-ақ лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. 2024 жылғы 11 шілдеде инспекция басшысының орынбасары ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп Бурабай ауданына бірлескен сапар жасады. ЖПМ барысында "Бурабай" МҰТП-ның өртті сөндіруге дайындығы тексерілді. Тексеру барысында ұлттық саябаққа орман алқабындағы шартты өрт туралы сигнал жіберілді. Оқиға орнына бірден "Бурабай" МҰТП және Бурабай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің күштері мен құралдары келді. Одан бөлек шартты өртті сөндіруге "Қазавиақұтқару" Қазақ авиация бөлімшесі" РМҚК әуе кемесі қатысты. Олар шартты өртті бірлесіп жойды", – деп түсіндірді Арман Тұрымбаев.
2024 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысының аумағында орман өрттері тіркелмеген.
"Ал өткен жылмен салыстырғанда, 2023 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша жалпы ауданы 387,8 га орман өрттерінің 69 жағдайы тіркелді, оның ішінде орман алқабында – 93,9 га, оның ішінде орманмен жабылған – 68,5 га және орман емес алаң – 293,9 га", – деп қосты маман.
Оқи отырыңыз: Өскеменде пәтердегі өрт салдарынан бес адам қауіпсіз жерге көшірілді
Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында шұғыл әрекет ету штабының отырысы кезінде өртке кез келген уақытта төтеп беру үшін дайындықтың жоғары деңгейде болуы керектігін ескертті.
"Жаздың ыстығы енді ғана басталды. Кез келген уақытта өрт шығуы мүмкін. Сондай кезде өртке төтеп беру үшін дайындық сақадай сай болуға тиіс. Үкімет осыған байланысты шұғыл шаралар қабылдауы керек. Орман алқаптарына келіп, қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Олар от жағып, оны өшірмей кетеді, бұл қайғылы жағдайға алып келеді. Дереу іске кірісу қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.