Ақмола облысында дүниеге келген сәбиге Ерейментау ауданы ТЖБ бастығы Амангелді Доскеновтың есімі берілді, деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Оның өз сыры бар. Амангелді Доскенов жүкті ананы 10 қаңтарда боран кезінде аман тауып алып, құтқарған болатын. Ол кезде әйел жүктіліктің 35-ші аптасында болған.

Амангелді Доскеновті отбасы сәбиді перзентханадан шығарып алу рәсіміне арнайы шақырып, балаға Амангелді есімі берілгенін хабарлады. Сәби отбасындағы жетінші бала. 


Оқи отырыңыз: Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш қойылды