Ақмола облысында 14 жастағы жасөспірімді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

35 жастағы күдікті бір тәулікке жетпей Целиноград ауданындағы Родина ауылының маңында ұсталды.

"Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауынып жатыр", – дейді Ақмола облыстық полиция департаменті.