Антикор: Алматы облысының шенеуніктері техниканы өз бағасынан қымбатқа сатып алмақ болған
Компьютерлер, ноутбуктер өз бағасынан екі есе қымбат бағаға қойылған.Алматы облысында шенеуніктер құрал-жабдықтарды екі есе қымбат бағамен сатып алғысы келгенімен, бұл іске "Антикор" араласқан. Енді олар мемлекеттік сатып алуды қайта жүргізеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.
Облыстық цифрлық технологиялар басқармасы 32 компьютерді 497 265 теңгеден, үш ноутбукті 514 880 теңгеден және 4 моноблокты 598 214 теңгеден жеткізуге тендер жариялаған.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы жемқорлық дерегін хабарлаған адам 13,8 млн теңге сыйақы алады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер компьютерлердің бағасы екі еседен астамға, ал ноутбуктер мен моноблоктардың бағасы 78% және 60%-ға қымбат болғанын анықтады.
"Жоғарыда аталған сатып алулар тоқтатылды. Конкурс қайта өткізіледі", – деп жазылған хабарламада.