Биылдан бастап Amazon арқылы сатып алынған тауарды Қазақстанға жеткізу мерзімі қысқарып, ал жеткізу құны 8 есе арзандап, 7-9 доллар болады. Бұл туралы Samruk-Kazyna official хабарлады.

Арна хабарламасына сәйкес, "Қазпошта" АҚ басшылығы Лондон қаласында өткен "Leaders in Logistics" салалық логистикалық саммитінде бірқатар логистикалық компаниялармен келіссөздер жүргізген. Соның нәтижесінде Қазпошта Amazon, Alibaba, Aliexpress және Lazada онлайн сауда платформаларынан сатып алынған тауарды Қазақстанға жеткізу сервистерін жақсарту туралы келісімге келген.

"Биылдан бастап Amazon арқылы сатып алынған тауарды Қазақстанға жеткізу мерзімі қысқарып, ал жеткізу құны 8 есе арзандап, 7-9 доллар болады" деп жазылған Samruk-Kazyna official хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Amazon әлемдегі ең қымбат брендтердің көшін бастады


"Қазпошта" басшысы Әсел Жанасованың жазуынша, қазіргі таңда Қазпошта Amazon, AliExpress және өзге де халықаралық онлайн платформалардан сатып алатын тауарларды Қазақстанға жылдам және арзан бағада жеткізу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

Бүгінде Amazon-нан алынған тауарды Қазақстанға жеткізу бағасы 75 доллар болса, елге жеткізу мерзімі 30 күнге жуықтайды. Енді осы бағаны төмендетіп, уақытты қысқартуға келісім жасалған.