"Алтын орда" базары басшысының ұсталуы: Куәгерлер іздестіріліп жатыр
Эрмек Марқабаев 2 маусымда екі айға қамауға алынған болатын.Алматы облысында 2 маусым күні Қарасай ауданының полиция қызметкерлері "Алтын орда" базары басшыларының бірін ұстады. Кейін оның базар директорының орынбасары Эрмек Марқабаев екені белгілі болды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Соған орай, қазіргі таңда оқиға куәгерлері іздестіріліп жатыр.
"2023 жылғы 2 маусымда кешкі уақыт 18:57 мен 19:10 аралығында Алматы – Бішкек тас жолында "Алтын Орда" базары директорының орынбасарын тұтқындау оқиғасына куәгер болған көлік жүргізушілеріне іздеу жариялаймыз. Оқиға "Алтын Орда" базарынан әрі, Қаскелең бағытында "Іргелі" дәмханасына қарсы орналасқан жол көпірі астында болды. Аталған оқиғаны бейнетаспаға түсіргендер болса, 8(701)1228707 нөміріне хабарласуын сұраймыз. Сыйақысы бар", – делінген хабарламада.
Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын Орда" базарында тәртіп орнатуды тапсырған болатын.