Тікелей эфир

"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталды

Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы облысында "Алтын Орда" базарының басшыларының бірі ұсталды, деп хабарлады "Бесінші аймақ" полицияға сілтеме жасап.

Басылымның айтуынша, 2 маусымда тұтқындалған. Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне BMW көлігіне мінген қарулы адамдар туралы ақпарат келіп түскен. Ұсталғандар арасында "Алтын Орда" базары директорының орынбасары да бар. Іс жүзінде ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Базардың баспасөз қызметі журналистерге ұсталған күзетшілердің қару алып жүруге рұқсат беретін барлық құжаты бар екенін айтты. Сонымен қатар, "Бесінші аймақ" редакциясы күзетшілердің ұсталғаны таспаланған бейнежазба түсірген.

Басылымның мәліметінше, күзетшілерді полиция ғана емес, ҰҚК қызметкерлері де құрықтаған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары