Алматы облысындағы «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды. Аюдың суреті парктің Instagram парақшасында жарияланды.


Оқи отырыңыз: "Алтынемел" ұлттық табиғи саябағында 20 жаңа фототұзақ орнатылды


Wikipedia дерегінше, Тянь-Шань қоңыр аюы Тянь-Шань мен Памир тауларында таралған. Қазір Өгем, Піскем, Қоржынтау, Кетпен, Талас, Іле, Күнгей, Теріскей, Жетісу (Жоңғар) алатауларында кездеседі. Тянь-Шань қоңыр аюының аталығы (матай) аналығынан (кірекей) ірі болады. Аталығының дене ұзындығы 2,55 м, бойының биіктігі 1,35 м, салмағы 600 кг-дай.

Негізінен құрлықта тіршілік етеді, суда жақсы жүзеді, ағашқа да өрмелей алады. Үш жаста жыныстық жағынан жетіледі. Аналығы өздері жасаған апанында екі жылда бір рет балалайды. Мамыр – маусымда ұйығып, қаңтар – ақпан айларында аналығы екі қонжық табады.