Алматының төрт ауданында су уақытша өшіріледі
Бұл аудандардағы мектептер мен балабақшаларға су автоцистерналармен жеткізіледі.Алматыда су құбыры желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды «Алматы су» МКК.
Жаңа желілердің қосылуына байланысты 16 мамыр күні сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін Әуезов ауданындағы Сайын көшесі – Райымбек даңғылы – Өтеген батыр – Төле би алаңында су беру уақытша тоқтатылады.
16 мамырда сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін Түрксіб ауданында Майлин – Мирная – Бұқтырма – Ақкербез көшелері алаңында суық су беру шектеледі.
17 мамырда сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін Бостандық ауданында Жароков көшесі – Абай даңғылы – Үлкен Алматы – Сәтбаев көшесінің контурында, сондай-ақ сол уақытта Алмалы ауданындағы Гагарин даңғылы бойынша – Абай даңғылы – Қабанбай батыр – Құлымбетов көшесі – Брусиловский көшелерінде суық су беру тоқтатылады.
Оқи отырыңыз: Су тасқынынан кейін: мамырда Қазақстанда құрғақшылық күтіледі
Бұл көшелер аймағындағы мектептер мен балабақшаларға су автоцистерналармен жеткізіледі.
Жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуы аталған аумақтардың тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.