Алматыда жазғы демалыста әлеуметтік осал отбасынан шыққан балалар Орталық мәдениет және демалыс саябағында аттракциондарға тегін мінеді. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады. 

Балаларға тегін карталар беріледі. 

"Бұл акцияға халықтың әлеуметтік осал тобы санатына жататын 22 мың баланы қатыстыру жоспарланып отыр. Бұл карталар кез келген аттракциондар мен карусельдерге, соның ішінде барлығының сүйікті "Тізбекше", "Шолу дөңгелегі" және катамаранмен жүруге мүмкіндік береді. Аттракциондарға 15 шілдеден бастап тегін мінуге болады. Қоғамдық бірлестіктер (мүгедектер үйлері, саңыраулар қоғамдары, балалар үйлері, мектеп-интернаттар) өтінім берген балаларға да аттракциондар тегін", – делінген хабарламада.

Бұл карталарды алу үшін Гоголь көшесі, 1-үй мекенжайындағы "Алтын Тараз" ЖШС кеңсесіне хабарласу қажет.  Анықтама телефоны: +7 (705) 892-75-24. Баланың туу туралы куәлігін бірге ала бару қажет.