Алматының ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеді, деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар дүниесі министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Алматы ботаникалық бағына сілтеме жасап.

"Көктемнің алғашқы күнінде Алматының ботаникалық бағынды галантус, немесе басқаша атауы бәйшешек гүлдеді. Қар астынан бұл нәзік өскіндердің шығуын қыстың аяқталғанымен байланыстыруға болады", – деп жазылған комитеттің ресми парақшасында.


Оқи отырыңыз: Бөлме гүлдеріне қыс алдында қандай күтім керек? Пайдалы өсімдіктер топтамасы


Еске салайық, бұл гүлдер Қызыл кітапқа енгізілген. Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жойғандарға айыппұл және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.