Алматының Алатау ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі екі апта бойы ыстық судан ажыратылады. Бұл туралы "Алматы жылу желілері" кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматыжылужайэнерго" ЖШС мекемесіне қарасты қазандықтарда жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік үшін суға шектеу қойылады.

7 тамыз бен 21 тамыз аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында Бауыржан Момышұлы көшесінен шығысқа қарай – Арқалық – БАК (солтүстік жағы) көшелерінің жиегінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда ыстық су болмайды.


Оқи отырыңыз: Түркиядағы зілзаладан кейін Алматы тұрғындарының үштен бірі жер үйге көшуді қалайды.