Алматыдан Ыстықкөлге тікелей маусымдық әуе рейсі іске қосылады
Билет құны 24 мың теңгеден басталады.
Қазақстандық лоукостер FlyArystan 3 шілдеден бастап Алматыдан Ыстықкөлге тікелей әуе рейстерін іске қосатынын хабарлады.
Жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері – 31 тамызға дейін орындалады.
Алматы мен Тамшы (Ыстықкөл) арасындағы әуе сапары бар болғаны 55 минутты құраса, кері бағытта ұшу ұзақтығы – бір сағат.
Бейсенбі:
- Алматыдан ұшу – 15:05, Тамшыға қону – 17:00;
- Тамшыдан кері ұшу – 18:00, Алматыға қону – 18:00.
Жексенбі:
- Алматыдан ұшу – 13:15, Тамшыға қону – 15:10;
- Тамшыдан кері ұшу – 16:10, Алматыға қону – 16:10.
Компанияның хабарлауынша, билет бағасы бір бағытқа 24 мың теңгеден басталады.
Еске салайық, 18 мамырдан бастап лоукостер ұшақтары Алматыдан Ининге (Кұлжа) қатынайды.
Оқи отырыңыз:
- 18 мамырда Алматыдан Қытайдың Құлжа қаласына жаңа рейс ашылады
- Қазақстанның жаңа ұшағы "Сүмбіле" атауына ие болды