Алматыдан Ыстықкөлге тікелей маусымдық әуе рейсі іске қосылады

Ыстықкөл. Фото: FlyArystan
Ыстықкөл. Фото: FlyArystan
Билет құны 24 мың теңгеден басталады.

Қазақстандық лоукостер FlyArystan 3 шілдеден бастап Алматыдан Ыстықкөлге тікелей әуе рейстерін іске қосатынын хабарлады. 

Жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері – 31 тамызға дейін орындалады. 

Алматы мен Тамшы (Ыстықкөл) арасындағы әуе сапары бар болғаны 55 минутты құраса, кері бағытта ұшу ұзақтығы – бір сағат. 

Бейсенбі: 

  • Алматыдан ұшу – 15:05, Тамшыға қону – 17:00; 
  • Тамшыдан кері ұшу – 18:00, Алматыға қону – 18:00. 

Жексенбі: 

  • Алматыдан ұшу – 13:15, Тамшыға қону – 15:10;
  • Тамшыдан кері ұшу – 16:10, Алматыға қону – 16:10. 

Компанияның хабарлауынша, билет бағасы бір бағытқа 24 мың теңгеден басталады. 

Еске салайық, 18 мамырдан бастап лоукостер ұшақтары Алматыдан Ининге (Кұлжа) қатынайды. 


Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары