Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 7 қыркүйекте "Эйр Астана" әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер ашты. Ұшақ аптасына 2 рет: бейсенбі және жексенбі күні ұшады.

"Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, – деп жазылған баспасөз хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 23 қыркүйектен бастап Алматы – Дели тікелей рейсі ашылады.


ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.