Алматыдан Тель-Авивке рейстер іске қосылды

7 қыркүйектен бастап әр бейсенбі және жексенбі күні Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер ұшады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 7 қыркүйекте "Эйр Астана" әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер ашты. Ұшақ аптасына 2 рет: бейсенбі және жексенбі күні ұшады.

"Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, – деп жазылған баспасөз хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 23 қыркүйектен бастап Алматы – Дели тікелей рейсі ашылады.


ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз