Алматыдағы "вафельді" жол таңбасы: Қашаннан бастап айыппұл салынады
Қазіргі таңда Алматы көшелерінің 10 қиылысында торлы таңба бейнеленген.
22 қарашадан бастап Алматыдағы бес қиылыста "вафельді" жол таңбасының тәртібін бұзған жүргізушілер туралы ақпарат "Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай реестріне" жолданады. Бұл туралы Kolesa.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.
Аталған көше қиылыстары:
- Абай – Тұрғыт Озал қиылысы;
- Абылай хан – Бөгенбай батыр қиылысы;
- Наурызбай батыр – Сәтбаев қиылысы;
- Абай – Момышұлы қиылысы;
- Назарбаев – Абай қиылысы.
Қалған "вафельді" қиылыстар бойынша тіркеу желтоқсан айының басында басталады. Бұл үшін аталған қиылыстарда қосымша 43 камера орнатылған.
Еске салайық, "вафельді" жол таңбасының ережесін бұзғандарға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.