22 қарашадан бастап Алматыдағы бес қиылыста "вафельді" жол таңбасының тәртібін бұзған жүргізушілер туралы ақпарат "Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай реестріне" жолданады. Бұл туралы Kolesa.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.
Аталған көше қиылыстары:
- Абай – Тұрғыт Озал қиылысы;
- Абылай хан – Бөгенбай батыр қиылысы;
- Наурызбай батыр – Сәтбаев қиылысы;
- Абай – Момышұлы қиылысы;
- Назарбаев – Абай қиылысы.
Қалған "вафельді" қиылыстар бойынша тіркеу желтоқсан айының басында басталады. Бұл үшін аталған қиылыстарда қосымша 43 камера орнатылған.
Еске салайық, "вафельді" жол таңбасының ережесін бұзғандарға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

