Алматыдағы Қажымұқан көшесіндегі көлік қозғалысы қайта ашылды
Есқараев көшесіндегі жұмыстар жалғасудаАлматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Медеу ауданындағы Қажымұқан көшесіндегі көлік қозғалысы жылу желілерін реконструкциялау бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін қайта ашылды.
"Жөндеу жұмыстары барысында асфальт төселіп, жылу камераларына 17 люк орнатылды", – деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Жылу желілерін қайта құру жұмыстары 12 маусымнан бастап "НСП-2 ЮРКК" сорғы станциясынан Қажымұқан көшесінің бойында Достық даңғылына дейін жүргізілді. Тұтынушылар уақытша ыстық сумен жабдықтаудан жаңа құбырға ауыстырылды. Бұл жылу трассасы 1978 жылы пайдалануға берілді және өзінің нормативтік мерзімінде – 25 жылдан астам жұмыс істеді.
Бұған қоса, реконструкция тұрғындарды жоғарыда аталған көшелердің аумағында орналасқан 86 көппәтерлі үйді, 4 балабақшаны, 14 денсаулық сақтау нысанын және 15 басқа да әлеуметтік нысанды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы 66 мектепте оқу жылының басына дейін жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ.
Сонымен қатар, Есқараев көшесіндегі жұмыстар жалғасуда. Аталған учаскедегі реконструкциялау жобасы екі жылға, яғни 2023-2024 жылдарға есептелген. Осы учаскеде жүргізіліп жатқан жұмыстар қазіргі жылыту маусымында тұтынушыларды жылумен жабдықтауға әсер етпейді және келесі жылы жұмыс көлемін қысқарту үшін жалғасады.