Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Медеу ауданындағы Қажымұқан көшесіндегі көлік қозғалысы жылу желілерін реконструкциялау бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін қайта ашылды.
"Жөндеу жұмыстары барысында асфальт төселіп, жылу камераларына 17 люк орнатылды", – деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Жылу желілерін қайта құру жұмыстары 12 маусымнан бастап "НСП-2 ЮРКК" сорғы станциясынан Қажымұқан көшесінің бойында Достық даңғылына дейін жүргізілді. Тұтынушылар уақытша ыстық сумен жабдықтаудан жаңа құбырға ауыстырылды. Бұл жылу трассасы 1978 жылы пайдалануға берілді және өзінің нормативтік мерзімінде – 25 жылдан астам жұмыс істеді.
Бұған қоса, реконструкция тұрғындарды жоғарыда аталған көшелердің аумағында орналасқан 86 көппәтерлі үйді, 4 балабақшаны, 14 денсаулық сақтау нысанын және 15 басқа да әлеуметтік нысанды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы 66 мектепте оқу жылының басына дейін жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ.
Сонымен қатар, Есқараев көшесіндегі жұмыстар жалғасуда. Аталған учаскедегі реконструкциялау жобасы екі жылға, яғни 2023-2024 жылдарға есептелген. Осы учаскеде жүргізіліп жатқан жұмыстар қазіргі жылыту маусымында тұтынушыларды жылумен жабдықтауға әсер етпейді және келесі жылы жұмыс көлемін қысқарту үшін жалғасады.