Алматыда Бостандық ауданының Манас көшесінде түнгі уақытта көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы "Алматы Су" кәсіпорны хабарлайды.

"29 қыркүйектен 30 қыркүйекке қараған түні Бостандық ауданында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Мыңбаев көшесіндегі құбыр желілерін ауыстыру жұмыстарына байланысты Манас көшесінде, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы аумақта, 29 қыркүйек сағат 22:00-ден 30 қыркүйек сағат 08:00-ге дейін қозғалыс шектеледі", – делінген хабарламада.

Шектеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жөндеу жұмыстарын сапалы атқару мақсатында енгізіледі.

"Қазіргі уақытта Мыңбаев көшесінде суық су желілерін жаңғырту жалғасып отыр. Жоба ауданның 50 мыңнан астам тұрғынын сенімді әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.