Алматыдағы Манас көшесінде түнгі уақытта көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қазіргі уақытта Мыңбаев көшесінде суық су желілерін жаңғырту жалғасып отыр.

Алматыда Бостандық ауданының Манас көшесінде түнгі уақытта көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы "Алматы Су" кәсіпорны хабарлайды.

"29 қыркүйектен 30 қыркүйекке қараған түні Бостандық ауданында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Мыңбаев көшесіндегі құбыр желілерін ауыстыру жұмыстарына байланысты Манас көшесінде, Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы аумақта, 29 қыркүйек сағат 22:00-ден 30 қыркүйек сағат 08:00-ге дейін қозғалыс шектеледі", – делінген хабарламада.

Шектеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жөндеу жұмыстарын сапалы атқару мақсатында енгізіледі.

"Қазіргі уақытта Мыңбаев көшесінде суық су желілерін жаңғырту жалғасып отыр. Жоба ауданның 50 мыңнан астам тұрғынын сенімді әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз