Алматы қаласында қоғамдық көлікпен жүру жолақысын 100 теңгеден 120 теңгеге дейін көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған қала әкімі қаулысының жобасынан белгілі болды.

"Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жолаушының бір сапары үшін ұялы байланыс операторының немесе көлік картасының немесе мобильді қосымшаның қызметтері арқылы 120 теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленсін", – делінген қала әкімі Ерболат Досаевтың қаулысының жобасында.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі – 16 шілдеге дейін.


Оқи отырыңыз: Алматыда жолақы 100 теңге болады. Қолма-қол төлем – 200 теңге


Еске салайық, қалада жолақы 2023 жылы 80 теңгеден 100 теңгеге өскен болатын.