Тікелей эфир

Алматыда жолақы 100 теңге болады. Қолма-қол төлем – 200 теңге

Қазіргі таңда жолақы 80 және 150 теңгені құрайды.

Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасына сәйкес, қалада қоғамдық көлікпен жүру құнын 80 теңгеден 100 теңгеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеген жағдайда.

Ал қолма-қол ақшамен төлем 200 теңге болады (қазіргі таңда 150 теңге).

Еске салайық, бұған дейін қала басшысы Ерболат Досаев Алматыда жолақыны күзге қарай көтеруді ұсынған болатын. Оның сөзінше, қалада жолақы 12 жылдан бері өзгермеген.

Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі – 21 шілдеге дейін.


Оқи отырыңыз: Жол не жолақ, көше не даңғыл, кент не қала. Айыра білесіз бе?


 

Серіктестер жаңалықтары