Алматыда жер сілкінісі кезінде неге дабыл ойнамады?
Қалада барлығы 843 электр дабылы бар.Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев Алматыдағы жер сілкінісі кезінде неліктен дабыл ойнамағанын түсіндірді. Оның сөзінше, дабыл сейсмикалық станциялар магнитудасы 5.5-тен асатын жер сілкінісі кезінде іске қосылады.
"4 және 5 балдық дүмпулер болғандықтан, дабылды қосудың қажеті болған жоқ. Бұл қалада дүрбелең туғызатын еді", – деді Нұрлан Атығаев.
Оқи отырыңыз: ТЖМ: Алматыда 7 балдан асатын жер сілкінісі туралы болжам жоқ
Сондай-ақ, ол шұғыл SMS хабарландырулар тұрғындарға кеш жететінін айтты. Оның себебі – қала тұрғындарының өте тығыз қоныстануы. Соған байланысты, мобильді байланыс операторлары ақпаратты жедел өңдеп, таратып үлгермейді.