Қалада барлығы 843 электр дабылы бар.
Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев Алматыдағы жер сілкінісі кезінде неліктен дабыл ойнамағанын түсіндірді. Оның сөзінше, дабыл сейсмикалық станциялар магнитудасы 5.5-тен асатын жер сілкінісі кезінде іске қосылады.
"4 және 5 балдық дүмпулер болғандықтан, дабылды қосудың қажеті болған жоқ. Бұл қалада дүрбелең туғызатын еді", – деді Нұрлан Атығаев.
Оқи отырыңыз: ТЖМ: Алматыда 7 балдан асатын жер сілкінісі туралы болжам жоқ
Сондай-ақ, ол шұғыл SMS хабарландырулар тұрғындарға кеш жететінін айтты. Оның себебі – қала тұрғындарының өте тығыз қоныстануы. Соған байланысты, мобильді байланыс операторлары ақпаратты жедел өңдеп, таратып үлгермейді.
lw-3094948329-1
USD:
508.1 / 514.1
EUR:
589.5 / 596.5
RUB:
6.17 / 6.37