Жасанды интеллект тақырыбындағы марафон барысында қатысушылар машиналық оқытумен, когнитивтік қызметтермен танысады және интеллектуал шешімдерді жасау үшін AI пайдалануды үйренеді. Бұл туралы Astana Hub және Awara IT Kazakhstan халықаралық IT консалтинг компаниясы хабарлады. 

Марафон аясында ұйымдастырушылар қатысушыларға мына тақырыптарды зерттеуді ұсынады:

  • Machine Learning: қиындықтар мен тапсырмалар (Machine Learning Challenge);
  • Когнитивтік қызметтер: қолданбалардағы жасанды интеллект (Cognitive Services Challenge);
  • Машиналық оқыту операциялары (MLOps Challenge);
  • Интеллектуал шешімдерді жасау үшін AI Builder қолданбасын қолдану (AI Builder Challenge).

Оқи отырыңыз: ChatGPT: Жасанды интеллект адам еңбегін алмастыра ала ма?


Марафон бағдарламасы:

  • 5 тамыз, сағат 10:00 – 19:00: Тәжірибелі IT сарапшылардың қолдауымен оқу тапсырмалары бойынша өзіндік жұмыс. Бұл күні қатысушылар тәжірибелі мамандардан көмек пен кеңес алу мүмкіндігіне ие бола отырып, тапсырмалары мен зертханаларымен жұмыс істейді.
  • 14 тамыз, сағат 14:00 – 18:00: Тренинг марафонының аяқталуы, нетворкинг, идеялар мен нәтижелер алмасу. Қатысушыларды марапаттау.

"Бұл марафон дайындық деңгейіне және тәжірибесіне қарамастан, AI саласындағы білімін жетілдіргісі келетіндердің бәріне арналған. Microsoft Learn AI Skills Challenge, біздің бірлескен марафонымыз деп аталады. Бұл - AI құзыреттерін дамытуға бағытталған білім беру бастамасы. Қатысушылар AI-ның әртүрлі аспектісімен, машиналық оқытудан когнитивтік қызметтерге дейін танысуға және қолдану жолдарын үйренуге мүмкіндік алады", – деді Astana Hub корпоративтік инновациялық кеңсесінің директоры Таңат Өскембаев.