Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесінің өтуіне байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Демалыс күндері, 23-24 қыркүйекте сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматы тұрғындары мен қонақтары Абай ауданы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесіне қатыса алады. Шара жұмадан бастап жабылатын Уәлиханов алаңында өтеді.

"22-24 қыркүйек аралығында сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Шевченко көшесінің Қонаевтан Пушкинге дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жабылады", – деп хабарлады әкімдік.

Жәрмеңкеге Абай өңірінің алты ауданынан, сондай-ақ Семей қаласынан диқандар қатысады. Жәрмеңкеде ет пен сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдерінің кең ассортименті қойылады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның барлық өңірінде бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтеді.