Алматыда жаңа кемпинг аймағы ашылды
Кемпинг-аймақтар туралы ақпарат 2GIS-ке, картографиялық платформаларға қосылды.Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, туристерді тартудың жаңа нүктесі Ғарыш станциясына барар жолда, теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте орналасқан "Жартасты" (3332 метр), "Крошка" (3722 метр), "Советов" (4317 метр), "Озерный" (4126 метр) шыңдарына жақын орналасқан.
Кемпинг аймағы – таудағы демалыс, трекинг, хайкинг және шатырмен ұзақ серуендеу әуесқойлары үшін жабдықталған алаң. Туристердің жайлы және қауіпсіз демалысы үшін шатырлы орындар, жайлы беседкалар, орындықтары бар үстелдер және ұлттық стильдегі "Алтыбақан" әткеншектері орнатылды.
"Біз тау инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудара отырып, туристер үшін жаңа бағыттар құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бағыттар бойы ақпараттық стендтер, көрсеткіштер, қалқандар орнатылды. Навигациялық стендтерде QR-кодтар бар. Онда туристер бағыттың күрделілігімен, оның ұзақтығымен және өту уақытымен таныса алады", – деді Алматы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.
Оқи отырыңыз: Алматыда "Мыңжылқы" жаңа кемпинг-аймағы ашылды.
Кемпинг-аймақтар туралы ақпарат 2Gis-ке, картографиялық платформаларға қосылды.
Жаңа кемпинг аймағы соңғы жылдары Алматы туризм басқармасы ашқан оныншы орын болды.