Алматыда ҰОС ардагерлері биыл 1 млн теңгеден алады
9 мамыр күні «Мәңгілік алауға» гүл шоғын қою және құрбандарды еске алу шарасы өтеді.Биыл Алматыда Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысының ардагерлері 1 миллион теңгеден ақша алады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
"Отан үшін от кешкен ардагерлеріміз қашан да құрметке лайық. Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында қарт майдангерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Әкімдік тарапынан қолдау мен құрмет көрсетіледі. Соғыс ардагерлеріне бір млн теңгеден беріледі. Сондай-ақ осы санатқа теңестірілген азаматтар мен тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Биыл Жеңіс күні 28 Панфиловшылар паркінде орналасқан "Мәңгілік алауға" гүл шоғын қою мен қан майданда қаза болған құрбандарды еске алу шарасы өтеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ҰОС 665 ардагері қалды. Оларға қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі?