Алматыда Тілендиев көшесі мен солтүстік айналма жолы Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзарады
2030 жылға дейін Алматы қаласында 38 көше ұзартылмақ.Алматы қаласында Нұрғиса Тілендиев көшесі мен солтүстік айналма жолы үлкен Алматы айналма көлік жолына дейін ұзартылады, деп хабарлайды қалалық мобильдік басқарма.
Осы орайда, Алматыны дамытудың бас жоспарына түзету енгізілді.
"Жобалық-сметалық құжаттама 2022 жылға дейін әзірленеді. Оның негізінде Нұрғиса Тілендиев көшесі – 9, ал солтүстік айналма жол 1,2 шақырымға дейін ұзартылады. Мұнымен қатар, көлік жолайырығын салу ұсынылып отыр", – деді басқармадағылар.
Сондай-ақ, Тұрар Рысқұлов даңғылын Фариза Оңғарсынова көшесімен қиылысынан бастап қала шекарасына дейінгі аралығын ұзарту жобасы пысықталып жатыр. Жалпы 2030 жылға дейін Алматы қаласында 38 көше ұзартылатын болады.
Сарапшылар көшелердің бір бөлігін – 2025, ал екіншісін 2030 жылға дейін салуды ұсынды.