Ұлттық тестілеу орталығы түлектерге хабарландыру жасады.

"Бүгін, 2024 жылғы 19 маусымда UStudy серіктестің тарапынан техникалық ақау пайда болуына байланысты Алматы қаласында өтетін ҰБТ басқа күнге ауыстырылады. Нақты айтқанда, бірінші лек — 23 маусымның екінші легіне, бүгінгі екінші лек — 30 маусымның  екінші легіне ауыстырылады. Туындаған келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз", – делінген ҰТО таратқан хабарламада.