Алматыда телефонға қараймын деп жаяу жүргіншіні қаққан автобус жүргізушісі қамауға алынды
Жәбірленуші ауруханада ем алып жатыр.
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы 9 желтоқсан күні таңертең Төле би даңғылы мен Исаев көшесінің қиылысында болған.
"Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан 2007 жылғы қызды қағып кетті. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады департамент.
Оқи отырыңыз: Әлем бойынша әуе компанияларында 5300-ден астам ұшақ тапшылығы тіркеліп отыр
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция жүргізушінің телефонға алаңдағанын атап өтті.