Алматыда тау бөктеріндегі ірі құрылыс нысаны сот шешімімен бұзылды
Сүру бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды.Қалада Қыз Жібек көшесі, 25 мекенжайдағы таулы жерде заңсыз салынған құрылысты сүру басталды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.
Ауданы шамамен 544 шаршы метр болатын объектіні меншік иесі (жеке тұлға) рұқсат беру құжаттамасынсыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз шаруашылық тәсілмен тұрғызған.
"Басқарма меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 322-бөлігі 1, 463-бөлігі 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ жол берілген бұзушылықтарды жоймағаны үшін нұсқама берілді. Нұсқама талаптарын орындамағаны үшін меншік иесі ҚР ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – деп жазылған хабарламада.
Айта кетерлігі, 2023 жылғы 9 маусымда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың объектіні бұзуға қатысты талап арызы қанағаттандырылды, содан кейін меншік иесінің аппеляциялық шағымы бойынша сот талқылаулары жүргізілді.
Оқи отырыңыз: Алматыда құрылысы 35 жылға созылған 17 нысан бар
2023 жылғы 21 қыркүйекте Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.