21 қазан күні Республика күнін мерекелеу аясында Алматы қаласында салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

"Астана" алаңында қала әкімі қатысатын іс–шара барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Жедел медициналық көмек қызметіне" жаңа санитарлық автокөлік кілті табысталады", – делінген хабарламада.

Іс-шараны ұйымдастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төле би көшесінің Абылай хан көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу 21 қазан күні сағат 10:30-дан іс-шара аяқталғанға дейін екі бағытта да қолданылады.